Қостанайда йогурттан уланған 2 жасар қыз көз жұмды

Фото: zakon.kz
Әлеуметтік желіде хабар таратқан қыздың айтуынша, екі жасар қыз оның көршісі екен.
Қостанайда балалардың жеңсік асына айналған йогурттан уланған 2 жастағы қыз көз жұмды. Бұл туралы stan.kz, kstnews.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Әлеуметтік желіде хабар таратқан қыздың айтуынша, екі жасар қыз оның көршісі екен. Оның анасы супермаркеттердің бірінен йогурт және сүзбе сатып алады. Оны жегеннен кейін қыздың жағдайы нашарлай бастаған.

“Мұның бәрі бір апта бұрын болды. Оны ұшақ арқылы Астанаға жеткізген. Өкінішке қарай ол ұшақта қайтыс болыпты. Бір қызығы анасы сатып алғанын ұмытып қалыпты. Чекті де лақтыра салған. Қолында екінші сәбиі бар. Қазір енді жерлеу рәсіміне дайындалып жатыр. Бір аптаның ішінде қыздың бүйрегі, бауыры және жүрегі істен шыққан. Достар, өз балаларыңызға тексерілмеген өнімдерді бермеңіздер”, – дейді қыз.

Қалалық аурухана баланың уланғаны туралы хабарды растағанымен, бала мен оның отбасына қатысты өзге ақпарат беруден бас тартты.

Фото: stan.kz


Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью

Астрологи назвали три знака зодиака, у которых скоро закончится тяжелый период

День, когда Байконур замирает: почему 24 октября не запускают ракеты