Еліміздің басым бөлігінде – тұман, көктайғақ, жел

Zakon.kz
Түнде кей жерлерде тұман күтіледі.
Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын, тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді, деп жазады Baq.kz, "Қазгидромет" берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Кей жерлерде жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с болады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын жүріп, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді.

Павлодар облысында кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын жүріп, жел 15-20 м/с болады. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. Маңғыстау облысында түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде желдің күшеюі 18 м/с күтіледі.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде-тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде кей жерлерде тұман күтіледі. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, күндіз жел 15-20 м/с болады.

Фото: Baq.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Солнечные электростанции в Тибете неожиданно повлияли на местных жителей и природу

Протяженнее километра: в Саудовской Аравии достраивают самое высокое здание планеты

Идеальные породы собак для пожилых людей

Бибисара Асаубаева – новый лидер обновленного рейтинга FIDE, а где расположился Жавохир Синдаров

299 тысяч долларов и 102 млн рублей: КНБ предотвратил вывоз валюты из Казахстана