Шымкентте із-түзсіз жоғалған балалар үйінің тәрбиеленушілері табылды

Zakon.kz
Тәртіп сақшылары балалар көбінде бір тәулік ішінде табылатынын айтады.
Шымкентте із-түзсіз жоғалып кеткен балалар үйінің тәрбиеленушілері табылды. Кәмелет жасына толмаған екі қыз құрылыс нысандарының бірінде қыдырып жүріпті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Қаратау аудандық ІІБ-не қаладағы балалар үйінің қызметкері арызданған. Ол 15 және 16 жастағы жасөспірім қыздардың ешкімге ескертпестен, белгісіз жаққа кетіп қалғанын айтқан.

Осыдан кейін жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырған полицейлер куәгерлерді сұрастырып, балалар үйіне жақын маңдағы аумақты түгел тексеріп шығады.

Нәтижесінде, аяқталмаған құрылыс нысандарының бірінен екі қыз да табылды. Қос құрбы достарымен қыдырып қайтпақшы болыпты.

Айта кетейік, полицейлер жыл басынан бері өңірде із-түзсіз жоғалған 8 жасөспірімді тауып, үйлеріне қайтарған. Әдетте жеткіншектер үйдегі ұрыс-керіс салдарынан, не болмаса қызық көріп кетіп қалады екен. Кейіннен келеңсіз не қылмыстық жағдайларға тап болады.

Бірақ тәртіп сақшылары балалар көбінде бір тәулік ішінде табылатынын айтады.

Фото: kostanaytany.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Британец "отличился" на борту самолета Тбилиси – Астана

Соболенко чуть не проиграла шестой ракетке мира в четвертьфинале US Open-2026

Град, дожди и пыльные бури: в каких регионах Казахстана ухудшится погода

В Таиланде нашли золотое кольцо возрастом 2 000 лет с загадочной надписью

Любовь и счастье войдут в жизнь трех знаков зодиака