Екі орынборлық кәсіпкерді өлтірген Қазақстан азаматы 23 жылға сотталды

Екі мәйітті де қала сыртына шығарып тастаған.
Облыстық прокуратураның хабарлауынша, үкім заңдық күшіне енген, деп хабарлайды ҚазАқпарат, oreninform.ru жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының 27 жастағы азаматы Руслан Мақсатов «Жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтiрген ірі қарақшылық» және «Алдын ала келісім жасалған топтың екі адамды өлтіруі және тонауы» баптары бойынша қылмыс жасағаны үшін айыпты деп танылды. Оны қатаң режимдегі түзеу колониясына 23 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды.

2015 жылдың қаңтар және наурыз айларында Ресейден автокөлік сатып алумен айналысқан Мақсатов Орынборда заңсыз валюта бизнесін кәсіп еткен екі танысын өлтірген. Екеуі де қаскөй мінген автокөлік ішінде травматикалық тапаншадан көз жұмған.

Екінші қылмысты Мақсатов өзінің жерлесімен - халықаралық іздеуде жүрген қылмыскермен бірге жүзеге асырған. Екі мәйітті де қала сыртына шығарып тастаған.

Олардың қалтасындағы бар қаражатты қылмыскерлер алып кеткен. Мақсатовты Орынборға үшінші рет кіргелі тұрғанда жедел қызмет полицейлері ұстады. Апелляциялық инстанция соты сотталушы мен қорғаушысының шағымын қанағаттандырмады және бірінші инстанция сотының үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Фото: www.inform.kz
Следите за новостями zakon.kz в: