Шымкентте рульдегі жүргізуші есінен танып, бес бірдей көлікпен соқтығысқан

Zakon.kz
Кінәлі жүргізушінің анасы болса жол апаты орын алғанда ұлымен бірге көлікте болғанын айтады.
Шымкентте рульдегі жүргізуші есінен танып, бес бірдей көлікпен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендерге жедел жәрдем қызметі шақыртылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА.

Жол-көлік оқиғасы Қалдаяқов пен Жангелдин көшелерінің қиылысында болған. «BMW» көлігімен келе жатқан жүргізуші жолда кездескен «BMW Х5», «Нексия», «Тойота» мен екі бірдей «Фольксваген» көліктерін соққан. Артынша жолдағы қоршауды жұлып түсті.

Жол апатын жасаған жігітті көліктегі қауіпсіздік жастығы аман алып қалыпты. Тағы бір жүргізушінің бас миы шайқалып, ауруханаға жеткізілді.

«Ауыр дене жарақатын алғандар жоқ. Барлығын тексеріп шықтық. Тек қана бір жүргізушінің басы ауырып, оны жедел жәрдем алып кетті. Көліктегі өзге жүргізуші мен жолаушылар қатты жарақат алмаған»,- дейді жедел жәрдем қызметінің маманы.

Ал, кінәлі жүргізушінің анасы болса жол апаты орын алғанда ұлымен бірге көлікте болғанын айтады. Сол мезетте баласы мазасызданып, есінен танып қалыпты. Бірақ тежегішті басып үлгерген. Дәрігерлер оған үш аптадан соң ота жасауы қажет екен.

«Қалай болғанда да қазір жол көлік оқиғасының себеп салдары анықталуда. Жергілікті полиция қызметкерлері тарапынан кінәлі жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қозғалып, тексеру шаралары жүргізілуде. Көліктерге қаншалықты шығын келгені де алдағы уақытта белгілі болады. Ол туралы қосымша хабарлайтын боламыз», - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.

Фото: inform.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Солнечные электростанции в Тибете неожиданно повлияли на местных жителей и природу

Протяженнее километра: в Саудовской Аравии достраивают самое высокое здание планеты

Идеальные породы собак для пожилых людей

Бибисара Асаубаева – новый лидер обновленного рейтинга FIDE, а где расположился Жавохир Синдаров

299 тысяч долларов и 102 млн рублей: КНБ предотвратил вывоз валюты из Казахстана