Павлодарда 2500 келі балықты құжатсыз өткізбек болған ШҚО-ның екі тұрғыны ұсталды

Zakon.kz
Тексеру барысында балық салынған 32 қап анықталды.
Павлодарлық полицейлер 2500 келі балықты құжатсыз әкетіп бара жатқан ШҚО-ның екі тұрғынын қолға түсірді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары 34 жастағы ер адам тізгіндеген "Газель" автокөлігін Кенжекөл ауылының жанында тоқтатқан.

- Тексеру барысында балық салынған 32 қап анықталды. Оның 28 қабы мөңке балық болса, алты қабы - шортандар. Ұсталғандар балықты саудаға шығару үшін әкетіп бара жатқанын айтқан. Келтірілген шығын көлемі 376 мың теңгені құрайды. Қазіргі таңда аталмыш фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 335-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Фото: Рavlodarnews.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью

Астрологи назвали три знака зодиака, у которых скоро закончится тяжелый период

День, когда Байконур замирает: почему 24 октября не запускают ракеты