Павлодар облысында сегіз адам төсекте шылым шегіп жатып қайтыс болған

Zakon.kz
Былтырмен салыстырғанда өрт бойынша көрсеткіш алты пайызға, материалдық шығын 52 пайызға, жарақат алғандар саны 20 пайызға азайған.
Павлодар облысында тілсіз жаудың кесірінен ажал құшқан 20 адамның сегізі төсекте жатып шылым шеккен, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында облыстық ТЖ департаменті бастығының орынбасары Алексей Двинянин мәлім етті.

- Отты дұрыс қолданбау, балалардың тентектігі және төсекте шылым шегу өрттің орын алуының басты себептері болып табылады. Көбінесе уақытша жұмыс істемейтін жандар, зейнеткерлер мен балалар қызыл жалынның құрбаны болады. Мәселен, соңғы рет Ямышево ауылында орын алған жағдайға тоқталатын болсақ, ер адам жиі ішімдік тұтынған және бірнеше мәрте жасалған ескертуге құлақ аспаған. Бұдан басқа, Лебяжі ауданының Шарбақты ауылының тұрғындары 8-наурыз күні пешті жағып, үйден шығып кеткен. Нәтижесінде ағаштан салынған үй өртке оранған. Әзіргі өрттің шығу себебі нақты анықталмады. Қазіргі таңда өртке қарсы зертхана мен жергілікті ішкі істер бөлімі тексеріс жүргізуде, - дейді Алексей Двинянин.

Төтеншеліктердің айтуынша, 2016 жылдың 15-қазаны мен 2017 жылдың 13 наурызы аралығында өңірде тұрғын үй секторында 2012 өрт тіркеліп, тілсіз жаудың салдарынан 19 миллион 375 мың теңге шығын келтірілді.

Былтырмен салыстырғанда өрт бойынша көрсеткіш алты пайызға, материалдық шығын 52 пайызға, жарақат алғандар саны 20 пайызға азайған. 2016-2017 жылдың жылу маусымы кезінде ысты газдан уланып қалған үш адам қайтыс болды. Оның біреуі - бала. Түрлі жарақат алған 24 адамның 12-сі - балалар.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: Kenester.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Снег и гололед: о ненастной погоде 8 декабря предупредили синоптики

Думают, что ее можно обмануть: прокурор, добившаяся трех пожизненных приговоров

Новая схема мошенничества: важное заявление сделала Генпрокуратура Казахстана

Полицейский погиб в ДТП на трассе Акмолинской области

Фронтальный удар по Земле: магнитные бури накроют планету в ближайшие дни