Павлодарда пластикалық терезелер арқылы бағалы заттарды ұрлаған екі адам қолға түсті

Zakon.kz
Күдіктілер қамауға алынды.
Павлодарлық полицейлер облыс орталығында жеке тұрғын үйдің мүлкін ұрлаған 27 және 35 жастағы екі ұрыны қолға түсірді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктілер жеке үйге пластикалық терезелер арқылы түскен. Бүгінде қарақшыларға 10-нан астам жеке тұрғын үйден ұрлық жасады деген күдік тағылуда - Күдіктілер қамауға алынды.

Тексеру жұмысы барысында барлық қылмыстар бір жолем жасалғаны анықталды. Қазіргі таңда зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, тергеу шаралары жоспары әзірленді. Олар ноутбук, планшет, фотоаппарат, алтын бұйымдары секілді құнды заттар мен ақшаларын қолды қылған.

Қазір ұрланған заттар тәркіленіп, иелеріне қайтарылды, - дейді баспасөз қызметінің мамандары. Айта кетерлігі, қолға түскен екі күдікті ешбір жерде жұмыс істемейді. Бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Фото: Рavlodarnews.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью

Астрологи назвали три знака зодиака, у которых скоро закончится тяжелый период

"Рада, что продолжила играть в свою игру": Рыбакина высказалась после выхода в полуфинал турнира в Нинбо