Димаш Құдайбергенов қытайлық туристердің Қазақстанға деген қызығушылығын оятты

Zakon.kz
Димаш қытайлықтардың Қазақстанға деген қызығушылығын туғызғаны сөзсіз.
Қазақстандағы ҚХР Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Ханьxой Қытайда танымалдыққа ие болған Димаш Құдайбергеновті қытайлық туристер мен инвесторлардың Қазақстанға қызығушылығын тудырған «құбылыс» деп атады. Елшінің айтуынша, қытайлықтардың көбі Димашты біледі, деп хабарлайды BNews.kz.

«Оның қытайлықтардың Қазақстанға деген қызығушылығын туғызғаны сөзсіз. Димашты біз Қазақстанның қытайлықтарға ықпалын арттырушы деп атай аламыз. Димаш Қазақстанның келбеті, сондықтан да қытайлық туристер мен инвесторлар осы елге көптеп тартылатын болады. Бұл сіздерге арналған бонус, үлкен қуаныш. Мен сіздерді құттықтаймын!» - деді Қазақстандағы ҚХР Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Ханьxой баспасөз конференциясы барысында.

Оның айтуынша, Қытайда телеарналарда көрсетілетін ойын-сауық және мәдени бағдарламалар үлкен танымалдыққа ие, Димаш солардың арқасында үлкен жетістікке жетті. Қытайлықтардың көбі оны біледі.

Фото: bnews.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Солнечные электростанции в Тибете неожиданно повлияли на местных жителей и природу

Протяженнее километра: в Саудовской Аравии достраивают самое высокое здание планеты

Идеальные породы собак для пожилых людей

Бибисара Асаубаева – новый лидер обновленного рейтинга FIDE, а где расположился Жавохир Синдаров

299 тысяч долларов и 102 млн рублей: КНБ предотвратил вывоз валюты из Казахстана