Павлодар облысында бір адам өрттен зардап шегіп, үш бала ыстан уланып қалды

Zakon.kz
Қазіргі таңда келтірілген шығын көлемі мен өрттің орын алу себебі анықталуда.
Павлодар облысында демалыс күндері бір ер адам өрттен зардап шегіп, үш бала ыстан уланып қалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД-нің мәліметінше, 2-сәуір күні Кенжекөл ауылында Октябрьская көшесінде орналасқан үйден өрт шыққаны туралы хабарлама кезекшілік бөліміне сағат 22.49-да түскен. Оқиға орнына құтқарушылар мен үш бірлік техника жұмылдырылып, тілсіз жау таңғы сағат бесте толығымен сөндірілген.

Қазіргі таңда келтірілген шығын көлемі мен өрттің орын алу себебі анықталуда. Өрт салдарынан 47 жастағы тұрғын Павлодар қаласы № 1 қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілген. Ер адамның беті мен мойнын күйік шалып, екінші және үшінші дәрежеде жарақат алған. Жағдайы ауыр. Бұдан басқа, Успен ауданының Успен ауылында Восточная көшесі, 85 мекенжайы бойында орналасқан тұрғын үйде алты, жеті және 11 жастағы үш қыз бала жеңіл дәрежеде ысты газдан уланып қалған.

Жеткіншектер жедел жәрдем арқылы сағат кешкі жетіде аудандық ауруханаға жеткізілген. Балалардың халі әзірге белгісіз. Оқыс жағдайдың орын алуына пештен ақау шығуы себеп болған.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: pavlodarnews.kz


Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Солнечные электростанции в Тибете неожиданно повлияли на местных жителей и природу

Протяженнее километра: в Саудовской Аравии достраивают самое высокое здание планеты

Идеальные породы собак для пожилых людей

Бибисара Асаубаева – новый лидер обновленного рейтинга FIDE, а где расположился Жавохир Синдаров

Какие новые правила ждут работников и работодателей с 8 июня 2026 года