Қарағанды облысында құтқарушылар су жайлаған аймақтан екі адамды алып шықты

Zakon.kz
Шет ауданы Көктенкөл ауылдық әкімі аппаратына су тасқыны аумағында қалған жұбайы мен оның досына көмек сұраған әйелдің хабарламасы түсті.
Қарағанды облысының құтқарушылары қатты ағын су салдарынан жол жиегіне шыға алмай қалған екі ер адамға жағаға шығуға жәрдемдесті, - деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА.

Өңірдің ТЖД баспасөз қызметінде хабарлағандай, Шет ауданы Көктенкөл ауылдық әкімі аппаратына су тасқыны аумағында қалған жұбайы мен оның досына көмек сұраған әйелдің хабарламасы түсті.

«Екі ер адам Ақшатау-Павлодар республикалық маңызы бар жол жағасында суда қайықпен келе жатып, судың ағысы қатты болғандықтан жағаға жету қиындай түседі. Оларды ТЖД жедел құтқару жасағының қызметкерлері құтқарды. Олар Көктенкөл кентінің тұрғындары. Оларға медициналық көмек қажет болмады, бірден үйлеріне жеткізілді», - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметінде.

Құтқарушылар халықты қауіпсіздік мәселесіне немқұрайды қарамауға шақырады. «Әр адам өз өмірі үшін жауапты. Белгілі бір қағидаларды ұстанса, кез келген жағдайдан сақтануға болады. Барша ауылдықтарға ақпан-наурызда су тасқыны кезеңінде өзін-өзі қалай ұстау қажеттігі туралы жадынама таратылған», деді ТЖД баспасөз қызметінде.

Фото: www.inform.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Солнечные электростанции в Тибете неожиданно повлияли на местных жителей и природу

Протяженнее километра: в Саудовской Аравии достраивают самое высокое здание планеты

Идеальные породы собак для пожилых людей

Бибисара Асаубаева – новый лидер обновленного рейтинга FIDE, а где расположился Жавохир Синдаров

Какие новые правила ждут работников и работодателей с 8 июня 2026 года