Қостанайда жалған доллар таратқан қылмыстық топ сотталды

Zakon.kz
Тергеушілер жалған долларлардың шалғай шетелдің типографиясынан жоғары сапада басылып шыққанын анықтады.
Қостанайда жалған доллар таратқан топ сотталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Жалған ақшалар шетелде әзірленген және оларды түпнұсқадан айыру өте қиын болған. Қостанай облысы мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық тергеулер қызметінің хабарлауынша, қылмыстық топ айырбас пунктінде жалған АҚШ долларларын бірнеше рет айырбастаған. Олардың аты-жөндері анықталғанша, номиналы 100 АҚШ доллары болатын 8 купюраны айырбастап үлгерген.

Тергеушілер жалған долларлардың шалғай шетелдің типографиясынан жоғары сапада басылып шыққанын анықтады. Сотта қылмыстық істі қарау кезінде қылмыскерлер өз айыптарын толық мойындады. Олардың өкініш білдіргендері ескеріле отырып, сот айыпкерлерге 5 жылға дейін шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Фото: www.inform.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью

Астрологи назвали три знака зодиака, у которых скоро закончится тяжелый период

"Рада, что продолжила играть в свою игру": Рыбакина высказалась после выхода в полуфинал турнира в Нинбо