Елбасының жаңа мақаласы – жаңашылдыққа бастайтын жол

Zakon.kz
Қазақстанды өркениет көшінің алдына бастайтын жаңа бастамалар қашанда көпшіліктің қолдауына ие.
Елбасының 12 сәуірдегі мақаласы барша ел жұрттың қолдауын тапқан бастамаларға толы, деп жазады zakon.kz.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жаңа мақаласын оқып, болашаққа бағдарланған соны өзгерістермен таныстым, - дейді «Ардагер» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Баян Ахметжанова.

Мақалада баяндалған біраз жайттар алдын «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдауында көрсетілген болатын. Оның ішінде халықтың өзінің ұлттық сана-сезімі мен қалыптасқан кодын сақтай отырып, жаңғыруы бүгінгі заман талабы. Жаһандану мен неолиберализм үрдістері, өркениеттер тайталасы шарықтаған заманда халықтың халық болып қалуы, мемлекет іргесінің беріктігі осындай кешенді қадамға байланысты болмақ.

Мақалада көтерілген латын әліпбиі туралы кесек ой да елді жаңа өзгерістер белесіне бастары анық. Дүйім жұрт жаңа әліпби арқылы әлемдік өзгерістер көшіне еркін араласа алады. Бұл бағытта арнайы бағдарлама, әдістеме, әліпбидің өзіндік стандарты әзірленетін болады.

Қазақстанды өркениет көшінің алдына бастайтын жаңа бастамалар қашанда көпшіліктің қолдауына ие.

Фото: Егемен Қазақстан











Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью

День, когда Байконур замирает: почему 24 октября не запускают ракеты

Тренер "Бернли" объяснил, почему Дастан Сатпаев не играет весь матч