Екібастұзда 29 жастағы тұрғынға көңілдесін жезөкшелікке мәжбүрледі деген күдік тағылуда

Zakon.kz
29 жастағы азамат 23 жастағы көңілдесін күш қолдану және бопсалау арқылы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген.
Павлодар облысы аумағында өткізілген «STOP–трафик» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы нәтижесінде адам саудасына қатысты қылмыс анықталды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, Екібастұз қаласында 29 жастағы азамат 2017 жылғы наурыз айынан бастап пайдакүнемдік мақсатында 23 жастағы көңілдесін күш қолдану және бопсалау арқылы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген.

- Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК 308-бабы, 1-бөлігі бойынша – «жезөкшелікпен айналысуға тарту» бойынша тергеу басталды. Осы бапқа сәйкес оның мүлкі тәркіленіп, 3000 АЕК көлемінде (6 миллион 807 мың теңге) айыппұл салу немесе үш жылға бас бостандығынан айыру бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылған, - деді баспасөз қызметінде.

Фото: Рavlodarnews.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

С пятиэтажный дом: одну из самых огромных змей в истории Земли нашли в Индии

Крупнейшая в мире искусственная река протянулась на 4000 км посреди Сахары

В следующий раз через 157 лет: Земля готовится в рекордному шестиминутному затмению

Пугающее явление зафиксировали в Антарктиде

Ученые выяснили, почему под Турцией "провисает" земная кора