ОҚО-да қырым қанды безгегінен екі адам қайтыс болды

Zakon.kz
Қазір, марқұммен байланыста болған 23 адам дәрігерлердің қатаң бақылауына алынған.
Оңтүстік Қазақстан облысында қырым қанды безгегінен бір жасөспірім мен бір әйел қайтыс болды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА.

Белгілі болғандай, Отырар ауданы, Маяқұм ауылының елу жастағы тұрғыны кене шағып ауырған. Алайда суық тиіп қалды екен деп ойлаған ол ем қабылдай берген. Жағдайы оңалмаған соң ауылдағы дәрігерлерге қаралған. Ауылдық емхананың фельдшері оны аудан орталығына көрінуге жібереді.

Алайда науқас әйел аудан орталығына емес, тіке Шымкентке келіп қаралған. Сөйтіп қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында қайтыс болған.

Ал, 13 жастағы бала Бәйдібек ауданында қайтыс болды. Ол ауладағы иттің құлағына жабысқан кенені қолымен тазалаған көрінеді.

Ізінше, ыстығы көтеріліп, денсаулығы күрт нашарлаған. Дәрігерлер ем-дом жасағанымен, дерттің бетін қайтара алмапты.

Соның салдарынан науқас есін жимастан көз жұмған. Қазір, марқұммен байланыста болған 23 адам дәрігерлердің қатаң бақылауына алынған. Екі ауданда да тексеру шаралары жүргізілуде.

Фото: Otyrar.KZ

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Опубликовано штормовое предупреждение на 24 августа

Фонд "Социс-А" объявил результаты экзитпола на выборах в Курултай

Наставник "Бернли" пожаловался после дебютного матча Сатпаева

Кори Гауфф во второй раз в карьере выиграла "тысячник" в Цинциннати

Пожар в Алматы: людей эвакуировали, медики помогали пострадавшим