Бір жарым айлық баласын қараусыз қалдырған келіншек жауапкершілікке тартылады

Дәрігерлер баланың жасын анықтап, облыстық балалар ауруханасына жеткізді.
32 жастағы әйелдің ісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 127-бабында қарастырылған «Ата-аналық міндетін лайықты деңгейде атқармауы» бойынша әкімшілік іс қозғалатын болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА, Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұдан өзге, кәмелеттік жасқа толмағандар құқығын қорғау жөніндегі комиссия отырысында баланың анасын ата-аналық құқынан айыру мәселесі де қарастырылады. Оған дейін нәресте Балалар үйінде болады.

Бүгін таңертең Павлодар қалалық ішкі істер басқармасына көпқабатты үйлердің біріндегі пәтерден жылап жатқан баланың дауысы естілгендігі туралы қоңырау шалынған.

Дәрігерлер баланың жасын анықтап, облыстық балалар ауруханасына жеткізді. Полиция қызметкерлері баланы қараусыз қалдырып, өз жұмыстарымен шығып кеткен анасын тапты.

Фото: inform.kz
Следите за новостями zakon.kz в: