Үйінен қашып кеткен ағалы-інілі жасөспірімдер көлік жуып, күн көрген

Zakon.kz
Олар әкесімен ренжісіп, үйінен қашып кетіпті.
Талдықорған полициясы үйінен қашып кеткен екі жасөспірімді тауып, отбасына қайтарды, деп хабарлайды Sputnik Алматы облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Екінші тамызда талдықорғандық полицейлерге ерлі-зайыптылар хабарласып, із-түссіз жоғалып кеткен екі жасөспірімді тауып беруді сұрайды. Кейінірек белгілі болғандай, 14 және 16 жастағы екі ер бала ата-анасымен ренжісіп, үйден кетіп қалыпты. Жоғалып кеткен жасөспірімдердің ұялы телефоны сөндірулі болған.

"Іздеу бөлімі, ювеналды полиция қызмектерлері мен патрульдік полицейлер, учаскелік инспекторлар қала мен саяжай массивтерін аралап, іздеп шықты. Балаларды әртүрлі ойын салондарынан, аула клубтары мен бассейндерден, саябақтардан іздеген. Ақыры соңында ағайындылардың кішісі үш тәулік өткен соң табылды, ал үлкені төртінші күні табылған. Осы уақыт ішінде ағалы-інілі екі жасөспірім Талдықорған шетіндегі көлік жуу бекетінде жұмыс істеп жүріпті. Екеуі де аман-есен, туған-туыстарының қасында", — деп хабарлады облыстық полиция.

Полицейлермен сөйлескен кезде, жасөспірімдер әкесімен қайта-қайта ренжісе бергендіктен, үйден кетіп қалғандарын жеткізіпті. Ювеналды полиция инспекторлары ахуалды тексеру үшін отбасыны бақылауға алды.

Сонымен бірге, полицейлер кәмелетке толмаған балаларды жұмысқа алған көлік жуу бекеті басшылығын да тексермек.

Фото: sputniknews.kz
Акмолинская область
Астана
Алматы
Актау
Актобе
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Мужчина выиграл в лотерею и стал миллионером после встречи с воробьем

С пятиэтажный дом: одну из самых огромных змей в истории Земли нашли в Индии

В следующий раз через 157 лет: Земля готовится в рекордному шестиминутному затмению

Елена Рыбакина узнала свое место в обновленном рейтинге WTA

Крупнейшая в мире искусственная река протянулась на 4000 км посреди Сахары