ОҚО қоғамдық бірлестіктері Алмазбек Атамбаевтың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді

Zakon.kz
Екі ел арасындағы ажырамас бауырластықты алға тарқан бірқатар ұйым басшыларының ойы бір жерден шыққандай.
ОҚО қоғамдық бірлестіктері Қырғыз мемлекет басшысы Алмазбек Атамбаевтың Қазақстан туралы айтқан пікірін орынсыз айыптау деп есептейді. Екі ел арасындағы ажырамас бауырластықты алға тарқан бірқатар ұйым басшыларының ойы бір жерден шыққандай. «Қырғыз-қазақтың» арасын айырғысы келетіндердің бұл пиғылдағы әрекеті жүзеге аспады деп айтуда.

ОҚО «Чернобыль одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бахытжан Әшірбаев:

- Қырғыз басшысының бір мәлімдемесі мәңгілік достығымызды айыра қоймас. Оған Бақытжан Сағынтаевтың берген жауабын орынды деп санаймын. Біздің мемлекеттің көрші елге деген қөзқарасы қашан да оң. Сайлау алдындағы Алмазбек Атамбаевтың біздің үкіметті айыптауы көпшілікті таң қалдырды. Ынтымағымыз жарасқан бауырлас елдердің арасында «алауыздық тудырушылар» болмағаны дұрыс.

«ОҚО жергілікті соғыс және Ауғаныстан ардагерлер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғалымжан Тастанұлы:

- Алмазбек Атамбаев көрші мемлекеттің ішкі ісіне араласып, тұтас ел мен оның басшысына негізсіз айып тағып, қара күйе жағу секілді дипломатияда көргенсіздік әрекетін жасаған болатын. Менің ойымша, ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан бауырластық қарым-қатынас бір саясаткердің жаңсақ пікірі үшін алаңдауға негіз бола алмайды.

Кәсіподақтар Федерациясы «ОҚО Кәсіподақтар орталығы» төрағасы Ғани Қарабаев:

-Қазақ халқы қашанда көршісіне тату-тәтті болған. Қырғыз бауырларымызға біздің тараптан көрсетілген көмектер аз емес. Бірақ елдегі жағдайды пайдаланып, билік басшысы Алмазбек мырзаның орынсыз мәлімдеме жасамағаны абзал еді. Дегенмен бірлігіміз жарасқан елмен алдағы уақытта бәрі жақсы болатынына сенімім мол. Яғни туыстық қарым-қатынасы ғасырларға жалғасқан ағайынды халықтардың барыс-келісі өзгермейді деп ойлаймын.

Фото: centre1.com

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

С пятиэтажный дом: одну из самых огромных змей в истории Земли нашли в Индии

Крупнейшая в мире искусственная река протянулась на 4000 км посреди Сахары

В следующий раз через 157 лет: Земля готовится в рекордному шестиминутному затмению

Ученые выяснили, почему под Турцией "провисает" земная кора

Пугающее явление зафиксировали в Антарктиде