"Қазақстан барысы" атанған Бейбіт Ыстыбаев үлкен спорттан кетті

Zakon.kz
Бейбіт Ыстыбаев өз ізбасарларын дайындаумен айналыспақ.
Қазақ күресінен Азия чемпионы, әлем чемпионы және 3 дүркін «Қазақстан барысы» атанған Бейбіт Ыстыбаев үлкен спортпен қош айтысты, - деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Бұдан былай жамбылдық палуан өз ізбасарларын дайындаумен айналысады. Қазір Бейбіт Ыстыбаев өңірдегі жекпе-жек спорт клубының директоры қызметіне тағайындалды. Бұған қоса ұлттық күресімізді халықаралық деңгейде танытып, одан әрі дамытуға да қолдан келгенше өз үлесін қоспақ. Мәселен, осыдан бірер күн бұрын Астанада өткен әлем чемпионатында ол ұйымдастыру комитетінің өкілі атанып, төреліктің әділ өтуіне жауапты болды және біздің арнаның тілшілеріне алдағы жоспарларымен бөлісті.

- Мен спорттан кетіп, қазір жұмысқа бардым. Жоспар – палуандар шығару, мықты-мықты, қазақтың көк байрағын желбірететін. Ол әрбір қазақ азаматының қолынан келеді. Бірақ ояту керек соны. Құдай қаласа, жұмыс істейміз. Көп сөйлемей, аз сөйлейтін адамбыз. Сондықтан нәтижесі болады деп ойлаймын, - дейді «Қазақстан барысы» турнирінің 3 дүркін жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев.

Фото: Хабар 24

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Доллар уже не спасает: почему казахстанцы массово меняют валютную стратегию

Акулы на курортах Египта: случайность или новая реальность

Физики впервые обнаружили квантовые скачки во времени

Приоткрыта завеса тайны над внезапной эвакуацией космонавтов с МКС

От -27°С до +3°С за три дня: какая погода ждет Алматы, Шымкент и Астану