БҚО-да 12 жастағы қыз бала босанды

Zakon.kz
Батыс Қазақстан облысында 12 және 14 жастағы екі қыз бала босанған.
Батыс Қазақстан облысында 12 және 14 жастағы екі қыз бала босанған. Екі деректі де мекеменің құжатын тексеру барысында ювенальды полиция қызметкерлері анықтады, деп хабарлайды Today.kz "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты оралдық полициялар 17 қарашада әлемдік балалар күніне орай өткен дөңгелек үстелде жария етті.

Екі қыз да балаларын босанып, балаларының әкесімен татуласқан. Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімді жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған жоқ.

Ювенальды сот төрайымы Сұлуханым Қадырәлиеваның айтуынша, өкінішке орай төрешілерге кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерге зорлық көрсету бойынша қозғалған істер көп түседі.

2017 жылы 10 айдың ішінде ювенальды сот осындай мәндегі алты істі қараған.

Фото: today.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

С пятиэтажный дом: одну из самых огромных змей в истории Земли нашли в Индии

Крупнейшая в мире искусственная река протянулась на 4000 км посреди Сахары

В следующий раз через 157 лет: Земля готовится в рекордному шестиминутному затмению

Пугающее явление зафиксировали в Антарктиде

Ученые выяснили, почему под Турцией "провисает" земная кора