Таразда атыс шығарған адам діни экстремист емес – ІІМ

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 20.06.2016 15:38 Zakon.kz
Күдіктіні ұстау барысында бір полицей жарақат алған.

Тараздағы атыс бойынша ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев 24.kz арнасына телефон арқылы сұхбат берді.

Күндізгі 16:30 шамасында қару алып жүру бойынша «Борышкер» жедел профилактикалық шарасы кезінде патрульге шыққан полицейлерге белгісіз біреу анықталмаған қарудан оқ атады.

Күдіктіні ұстау барысында бір полицей жарақат алған. Қазіргі уақытта күдікті мен тәртіп сақшысы ауруханаға жеткізілді. Күдікті бұрын қылмыс жасаған тұлға ретінде есепте бар. Ішкі істер департаментінің лаңкестермен күрес басқармасының есебінде жоқ, діни экстремист емес. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін шұғыл тергеу амалдары жүріп жатыр.

Фото: strategy2050.kz

Поделитесь новостью
Поделитесь новостью:
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: