Лента новостей
0

Алматы қаласының су қоймалары қатаң бақылауға алынды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 13.07.2016 23:09 Zakon.kz
Заң жүзінде шектеу қоя алмайтын төтеншеліктер мен полицейлер тек ескерту қағаздарын таратып, шомылып жүргендерге суда қандай ереже сақтау қажеттігін айтып жүреді.

Жаздыгүн шілде болғанда... Өзен, көлде адам шығыны болмас үшін құтқарушылар мен төтеншеліктердің жұмысы еселенеді. Әсіресе, шомылуға тыйым салынған жағаларда. Құтқару қызметтері ескерткенмен, ереже бұзғандарға ешбір шара қолданылмайды. Тек ауызша ескертумен шектеледі, деп жазады Алматы телеарнасы.

Жаз айларында төтеншеліктер мен құтқару қызметінің жұмысы қыза түсетін кез. Шомылу маусымы басталысымен, барлық су қоймаларында адам саны артады. Жақында ғана премьер-министр су қоймаларында өлім-жітім мен инфекциялық аурулардың алдын алу шараларын күшейту туралы тапсырма берді. Алматы қаласының мамандары түсініктеме жұмыстарын жүргізуді жүйелі түрде жүзеге асыруда.

Мұндай жұмыстар қаламыздың барлық су қоймаларында жүргізілуде. Алайда, су лас, шомылу қауіпті десе де, шомылғысы келетіндер қатары сейілмей тұр.

Заң жүзінде шектеу қоя алмайтын төтеншеліктер мен полицейлер тек ескерту қағаздарын таратып, шомылып жүргендерге суда қандай ереже сақтау қажеттігін айтып жүреді.

«Осындай шаралар жүзеге асып тұрады. Адамдарға тек ескерту жасаумен шектелеміз. Бізге шектеу қоюға болмайды. Тек түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз», - деді Алматы қаласы Жетісу ауданы ТЖ бөлімінің аға инженері Бағдан Омаров.

Статистика бойынша, көбіне суға кететіндер арасында қараусыз жүрген балалар мен ішімдікке тойғандар көп. Мәселе өз басына жалғыз емес. Лас су қоймаларынан адам өміріне қауіпті инфекциялардың барын бірі білсе, енді бірі білмеуі мүмкін. Алматы қалалық құтқару қызметі шомылу маусымы басталғалы Сайран көлінде екі адам құтқарылып, өлім тіркелмегенін мәлімдеді.

«Шомылу масымы кезінде қауіпсідік шаралары жайлы ұмытпаған абзал. Мас күйде суға түсуге болмайды. Алысқа жүзіп, білмейтін аймаққа түспеген дұрыс. Балаларды қараусыз қалдырмау қажет. Жыл басынан бері балалардың қатысуымен көптеген төтенше жағдай тіркелген. Абай болу керек», - деді Алматы қаласы әкімі аппаратының ШЖҚ өкілі ГауҺар Нөкербекова.

Ресми мәлімет бойынша елімізде 50 мыңға жуық су қоймалары бар. Алайда, оның тек 125-і ғана арнайы құтқару қызметінің мамандарымен жасақталған. Ішкі істер министрлігі дерегінше, үстіміздегі жылдың алты айында суға кеткендер саны 198-ді құраған. Оның сексен екісі балалар.

Әнуарбек Жәлел, Валерий Таубалдиев

Фото: images.esosedi.ru

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: