Лента новостей
0

Екі бірдей министрліктің қаржысын жымқырып келген қылмыстық топ әшкереленді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 11.08.2016 18:16 Zakon.kz
Бұл қылмысқа өзге де мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының және коммерциялық кәсіпорындардың қатысы бар жоғы анықталып жатыр.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік сатып алу шеңберінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қажеттілігіне бөлінген бюджеттік қаржыны ұрлаумен айналысқан ірі қылмыстық топтың іс-қимылын анықтап, жолын кесті - деп жазады BAQ.kz.Бұл туралы Қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жедел-іздеу іс-шаралары барысында ҚР ҚК Материалды-техникалық қамтамасыз ету бас басқармасы бастығының орынбасары подполковник Т. Жумказиевтің Қорғаныс министрлігі мен Қаржы министрлігінің лауазымды тұлғалары және бірнеше өзара үлестес коммерциялық құрылым басшылары тартылған сыбайлас жемқорлық схемасын ұйымдастырғандығы анықталды.

Сонымен қатар, Қорғаныс ведомствосының конкурстық комиссиясының төрағасы болған Т. Жумказиев аталған кәсіпкерлер мүдделеріне ықпалдастық еткен. Өзінің заңға қайшы әрекеттерін жасыру үшін Қорғаныс министрлігі мен Қаржы министрліктері органдарын бақылаушы лауазымды тұлғалардың мүмкіндіктерін қолданған - делінген хабарламады.

Сондай-ақ, мәлімдемеде подполковник Т. Жумказиевтің 20 млн. теңге пара алып жатқан кезде, оқиға орнынан қолға түскен. ҰҚК Әскери қарсы барлау департаментінің қызметкерлері қолға түсірген қылмыскермен бірге қорғаныс және қаржы министрліктерінің 5 лауазымды тұлғасы, 4 ЖШС басшысы қолға түскен. Олардан қомақты сомадағы отандық және шетелдік валюта тәркіленді.

Бұл қылмысқа өзге де мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының және коммерциялық кәсіпорындардың қатысы бар жоғы анықталып жатыр.

Ақпаратты таратқан ҰҚК баспасөз орталығы жедел-тексеру іс-шараларының жалғасуда екенін, олардың нәтижелері алдағы уақытта қосымша хабарланатынын жеткізді.

Фото:knb.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: