Лента новостей
0

ОҚО-да үш күндік «Tau Fest - 2016» фестивалі өтті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 23.08.2016 18:35 Zakon.kz
Айта кетерлігі, жалпы фестивальге 400 ден астам қатысушы жиналды.

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Шымкент қаласының кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен, 3 күндік «Shymkent Tau Fest - 2016» фестивалі өтті. Алғашқы күні өзен бойында демалушылардан қалған қоқыстарды тазалау жұмыстары, экологиялық сенбілік шарасы өткізілді. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Сонымен қатар Толе би ауданы «Бастау» демалыс аймағында «ЭКСПО -2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне өңірлік дайындық аясында Шымкент қаласының туристік ұйымдары мен қонақ үйлерінің қызмет көрсету сапасын күшейту тақырыбында туризм саласының білгірлері семинар-тренинг оқыды. Тренинг барысында – туристерге қызмет көрсету сапасын жақсарту, кемінде үш тілде сөйлейтін гид-аудармашыларды дайындау, 2017 жылға жоспарланатын нақты іс-шаралар барысы талқыланды.

Іс-шара соңында құзға өрмелеу, кедергілер жолынан өту, альпинистік жарыстар болып, қорытындысында бірінші орынды Сайрам аудандық Жас туристер станциясының «Жас қыран» тобы, жүлделі екінші орында «Шымкент қаласының блогерлер» тобы, ал, үшінші орынды Төле би ауданының Жас туристер станциясының ұжымы иеленді. Айта кетерлігі, жалпы фестивальге 400 ден астам қатысушы жиналды.

Фото: ontustik.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: