Лента новостей
0

Беларусьтегі қазақстандық бітімгершілер «Мызғымас бауырластық–2016» оқу-жаттығуына қатысты

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 24.08.2016 00:03 Zakon.kz
Бүгін оқу-жаттығудың салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Беларусь Республикасында «Обуз-Лесновский» 230-шы жалпы әскери полигонында «Мызғымас бауырластық – 2016» ҰҚШҰ-ның Ұжымдық бітімгершілік күштерімен жоспарлы бірлескен оқу-жаттығу басталды. Оқу-жаттығуға Қазақстандық бітімгершілік бригадасының әскери қызметшілері, сондай-ақ, ҚР ІІМ Ұлттық ұланының өкілдері аттанды. «Мызғымас бауырластық» – бұл ҰҚШҰ бітімгершілік контингенттерінің жоспарлы бірлескен оқу-жаттығуы. Ол жыл сайын өтеді. Бұл туралы zakon.kz, ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

Бұдан бұрын бітімгершілер Армения, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей Федерациясының аумағында көп ұлтты контингенттің құрамында тапсырмаларды орындаған болатын. Биылғы жылы оқу-жаттығудың негізгі мақсаттары бейбітшілікті ұстап тұру және ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштерінің бөлімдерін (бөлімшелерін) басқару, бірлескен іс-қимылдар кезінде бітімгершілік контингенттер жеке құрамының далалық машығын жетілдіру, сондай-ақ, ҰҚШҰ мүше мемлекеттері арасында өзара қарым-қатынас пен ынтымақтастықты нығайту жөніндегі операцияларды ұйымдастыруда командирлердің практика алуы болып табылады. Бүгін оқу-жаттығудың салтанатты ашылу рәсімі өтті.

ҰҚШҰ-ның Ұжымдық бітімгершілік күштерін құру және орналастыру аяқталып та қойылды. Полигонда бөлімшелердің жауынгерлік үйлесуі өткізіліп, сондай-ақ, басқару пункттері өрістетілді. Одан басқа, оқу-жаттығуға қатысушылар әскери техника көрмесіне барды. Онда әскери қызметшілер олардың армиясының жарақтандыруында тұрған үлгілерді салыстыруға мүмкіндік алды. Оқу-жаттығуға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның ұлттық контингенттері қатысатынын айта кетейік. Барлығы ҰҚШҰ-ның барлық алты мүше мемлекеттерінің қарулы күштер, ішкі әскерлер мен полицияның құрамынан 1500 әскери қызметші, сондай-ақ, 300-ге жуық бірлік авиациялық, броньды танкті және автомобильді техника қатысты.

Фото: www.mod.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: