Лента новостей
0

12 жас лейтенант ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің құрамын толықтырды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 24.08.2016 17:49 Zakon.kz
«Оймаша» полигонында, яхта-клубта және оқу-жаттықтыру станцияларында өміршеңдік үшін теориялық және практикалық сабақтар өткізілуде.

ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінде жоғары әскери оқу орындары түлектерінің жиыны аяқталып та қалды. Жаттықтырулар мен практикалық сабақтарда жас офицерлер оқу-жауынгерлік есептоптар құрамында күрделі жаттығулардың үлкен санын пысықтады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Жиын барысында офицерлер алғаш рет заманауи соғыстың сипаты мен түрлерін, қарудың даму келешегі мен оның соғысты шешу мен жүргізу тәсілдеріне ықпал етуінің сипаты мен түрлерін зерделеді. Іс жүзінде офицерлік құрамның жауынгерлік іс-қимылдарды ұйымдастыру және оларды жан-жақты қамтамасыз ету жөніндегі мықты практикалық машықтарын шыңдауға бағытталған жаттығулар пысықталды. Бітірушілер арасында Қазақстанның Әскери-теңіз күштеріне алғаш рет Дальян қаласындағы ҚХР жоғары әскери-теңіз академиясын тәмамдаған лейтенанттар оқуға түскенін айта кетейік. Жас офицерлер теориялық және практикалық сабақтарда үздік нәтижелер көрсетті. Сонымен қатар, дене даярлығы мен теориялық білім бойынша ресейлік және қазақстандық түлектер үздік шықты. 12 жас лейтенант ҚР ҚК Әскери-теңіз күштеріне қызмет атқару үшін келгенін естеріңізге сала кетейік. Олармен «Оймаша» полигонында, яхта-клубта және оқу-жаттықтыру станцияларында өміршеңдік үшін теориялық және практикалық сабақтар өткізілуде.

Фото: www.mod.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: