Лента новостей
0

Армия халықаралық ойындарының қатысушылары байқаудың шарттарын жоғары бағалады

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 24.08.2016 23:25 Фото: zakon.kz
Келесі жылы Қазақстан өз жерінде Армия халықаралық ойындарын жаңартылған бағдарламада өткізетінін айта кетейік.

Бүгін, Астанада ҚР Қорғаныс министрлігінде ҚР Қорғаныс министрінің басшылық етуімен Армия халықаралық ойындарының қорытындысы шығарылды. Онда аяқталған іс-шараның негізгі мәселелері қаралды. Қазақстан Республикасының аумағында Армия халықаралық ойындары байқауы аяқталғаннан кейін қатысушы елдердің өкілдері қатысу үшін жасалған жағдайды және сайыста объективті төрешілікті жоғары бағалады. «Конкурс бәсекелік және достастық жағдайда өтті. Бұл туралы zakon.kz, ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

Төрешілер алқасының мүшелері, сондай-ақ, іс-шараны өткізу туралы қағидалар мен ережелер жақсы дайындалған», - деп «Мерген шебі» байқауының өткізілуі туралы Үндістан командасының жетекшісі полковник Дж. Сингх атап өтті. «АРМИ-2016 төрешілер алқасының жұмысы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының төрешілері сайысқа түскен командаларды қазылық еткен кезде өздерінің әділдігін паш етті. Ойындардың жан-жақты қамтамасыз етілуі жоғары деңгейде ұйымдастырылды», - деді топ бастығы, Беларусь Республикасы ҚК ЖСҚЖ АрМ бөлімшесінің командирі подполковник Б.Братсин. Одан басқа, тәжірибе алып, әрі қарайғы өзара іс-қимыл үшін кейбір елдердің өкілдері пікірлерін айтты. «Грекияның Қарулы Күштері атынан үш апта бойы біз өзімізді үйдегідей сезінгенімізді айтқым келеді. Әрқайсысы, оның ішінде, төрешілер, аудармашылар мен сайысқа қатысушылар бізге барынша көмек көрсетуге тырысып, қонақжайлылығын танытты. Орналастыру және тылдық қамтамасыз ету жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Біз келесі жылы командамыз артиллерияшылардың сайысына да қатысады деп үміттенеміз. Біз мұнда болған кезімізде рахатқа бөлендік және аталған сапар елдеріміздің арасында білім, тәжірибе алмасу және достық дәстүрінің негізіне айналатынына үміттіміз», - деді Грекия командасының өкілі аға лейтенант Фисаракис Павлос.

«Жалпы алғанда, сайыс жақсы деңгейде өтті. Әділқазылар алқасы объективті түрде жұмыс атқарды. Құшақ жая қарсы алып, қонақжайлылық танытқандарыңыз үшін Моңғолияның барша командасының атынан алғысымды білдіргім келеді», - деп Моңғолия командасының жетекшісі полковник Б. Хадбаатар қостады. «Артиллерияшылардың, мергендердің армиялық сайысының төрелік етілуіне, ұйымдастырылуына наразылығым жоқ. Сайысқа қырғыз тарапын шақырғандарыңыз үшін алғысымды және ризалығымды білдіремін», - деп Қырғыз Республикасы ҚК командасының жетекшісі полковник Б. Жунусалиев атап өтті. «Артиллериялық оқ ату шеберлері» және «Мерген шебі» байқауларының жеңімпаздарын марапаттау Қазақстанның «Гвардейск» полигонында өткенін естеріңізге сала кетейік. Отарда алғаш рет Армия халықаралық ойындары шеңберінде артиллерияшылар мен мергендердің байқаулары өтті. 12 елдің командалары арасында ымырасыз бәсекеге болды. 278 әскери қызметші физикалық күш пен төзімділік, кәсіпқойлық пен әскери шеберлік тұрғысында бақ сынасты. Бұл ретте жарыс күндізгі және түнгі уақытта өтті.

Келесі жылы Қазақстан өз жерінде Армия халықаралық ойындарын жаңартылған бағдарламада өткізетінін айта кетейік. Әскери полигондарымыздың аумағында алғаш рет 5 байқау өтеді. Оның 3-еуі пішімі мен қатысушылары бойынша тың жаңа, бірегей болмақ. Алғаш рет Армия халықаралық ойындарының бағдарламасына броньдалған автомашиналардағы ралли, ҰҰА конкурсы, сондай-ақ, әйел әскери қызметшілерге арналған арнайы байқау – көпсайыс қосылады. Оларға 2017 жылы өздерінің орналасу орындарын ауыстыратын және қазақстандық әскери полигондарда өтетін АрМИ байқауының бағдарламасында бар сайыстар қосылады.

Фото: www.mod.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: