Лента новостей
0

ОҚО жастары жергілікті туризмді дамытуға ат салысуда

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 25.08.2016 03:16 Zakon.kz
Тіп-тіке жартастың жанына барып, төбесіне көз салсаң басың айналады. Беліне арқан байлаған жастар сол жартасқа өрмелеуге кірісті.
Семинар-тренингтен кейін жас туристер станцияларының қатысушылары мен тәлімгерлері құзға өрмелеуден сынға түсті.

Тіп-тіке жартастың жанына барып, төбесіне көз салсаң басың айналады. Беліне арқан байлаған жастар сол жартасқа өрмелеуге кірісті. Төрешілер олардың уақыттарын белгілеп отырды. Нәтижесінде Шымкент қаласының тұрғыны Жанболат Ергешбаев ептілік танытып, бар-жоғы 44 секундта 18 метр биіктікті бірінші болып бағындырды.
– Бала кезімнен жас туристер станциясының белсенді мүшесі болдым. Оңтүстікте біз шықпағаншың қалмағаншығар. Тауға шыққан, жар тасқа өрмелеген ұнайды. Жылдамдықты, күшті дайындықтықа жететеді. Ата-аналарды өздерінің ұл-қызын тау спортына баулуға шақырамын, – дейді ол.

Ал қыздар арасында Сайрам ауданынан келген Кенжекей Бердеева бірінші болды. Ол жартасқа 1 минут 31 секунд уақыттың ішінде өрмелеп шықты.

Ал екінші күні тау фестиваліне әр ауданнан жиналған жас туристер станциясының ұстаздары кедергілер жолағынан өту жарысына қатысты. Әр команда құрамына төрт адамнан жиналып, өзен бойына керілген арқан кедергісінен жығылмай, сүрінбей өтуге кірісті. Нәтижесінде Сайрам ауданының «Жасқыран» тобы бірінші орынды жеңіп алды. Ал екінші орынды Шымкент қаласының блоггерлер тобы иеленсе, үшінші орын Төле би ауданының ұжымына бұйырды. Жеңімпаздарға бағалысыйлық пен арнайы Алғыс хат тапсырылды.
– Біз балалар туризмін дамытуымыз қажет. Тау фестиваліне жас туристер станциясы ұстаздары барлық аудан-қалалар данкеліп қатысуда. Олар бұл фестивальде көрген-білгендерін оқушыларына барып, үйретеді, бөліседі. Бүгінде біздің Шымкенттегі жас туристер станциясына мыңға жуық бала келеді. Ал осындай іс-шара кезінде олардың қатары артады, – дейді облыстық жас туристер станциясының директоры Сәуле Өмірбаева.
Бұдан бөлек, фестивалге жиналғандар арасында альпинистік жарыстар мен түрлі семинар-тренингтер өтті. Олар шатырда түнеп, алаужағып, тау бөктерінән мен күйге бөледі. Бұл үш күн олардың ұзақ уақыт естерінен шықпасы анық.
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: