Бір аптада Головкин – Уэйд жекпе-жегіне 8 мыңнан астам билет сатылды

Zakon.kz
Том Леффлер "билеттерді саудаға шығарған 1 апта ішінде 8 мыңнан астам билетті сатып үлгердік. Өткен жылы мамыр айында «Форум» аренада 12 билет сатқан болатынбыз".

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен америкалық Доминик Уэйд арасында 2 айдан кейін өтетін жекпе-жекке бір апта ішінде билеттердің жартысынан астамы сатылды. Бұл туралы отандасымыздың промоутері Том Леффлер мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.

«Билеттерді саудаға шығарған 1 апта ішінде 8 мыңнан астам билетті сатып үлгердік. Өткен жылы мамыр айында «Форум» аренада 12 билет сатқан болатынбыз. Биыл ол межені артығымен орындаймыз, 23 сәуірге дейін 16 мың билет сатуды жоспарлап отырмыз. «Форум» арена тарихында 1970 жылдан бері өткізілген бокс кештеріне мұнша көп билет сатылған жоқ еді», - дейді Том Леффлер.

Мұның алдында хабарланғанындай, билеттерге тапсырыс қабылданған 5 сағат ішінде 4 мыңнан астам билет сатылып кеткен.

Естеріңізге саламыз, Геннадий Головкин мен Доминик Уэйд арасындағы жекпе-жек 23 сәуір күні Инглвудтағы (АҚШ, Калифорния) «Forum» аренада өтеді.

Фото: boxingplanet.ru

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Этери Тутберидзе не явилась за наградой к президенту Грузии

Испанское побережье превратилось в казахский аул: фанаты Димаша запустили необычный проект

Гигантский айсберг, который в два раза больше Лондона, растает за несколько недель

Казахстанцам хотят разрешить использовать пенсионные накопления на лечение зубов

Дождь, снег и метель: синоптики рассказали о погоде на 10 марта