Президент:Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы жаһандық даму тұрғысынан күрделі кезеңге сәйкес

Zakon.kz
Н.Назарбаев тең бәсеке жағдайында өткен сайлаудағы депутаттарды жауапты қызметтерімен құттықтады.

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламенттің VI шақырылымының бірінші сессиясының ашылуына арналған ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында жиынға қатысушыларды сессияның ашылуымен құттықтады, деп хабарлайды «Қазақстан» ҰТА.

«Баршаңызды алтыншы шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуымен құттықтаймын! Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейлі белесін еліміз жаңа құрамдағы Парламентпен қарсы алуда. Сайлаудың қорытындысы бойынша Парламентке 3 партия және Қазақстан халқы Ассамблеясынан 9 депутат өтті. Баршаңызды тең бәсеке жағдайында өткен сайлаудағы ортақ жеңіспен, депутаттарды жауапты қызметтеріңізбен құттықтаймын!»,-деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Президент Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы жаһандық даму тұрғысынан аса күрделі кезеңге сәйкес келгендігін атап өтті.

«Әлемдік дағдарыс шиеленіскен жауапты шақта халқымыз сіздерге зор сенім білдірді. Елімізді түбегейлі жаңғыртатын ауқымды істерді заңнамалық қамтамасыз ету сіздерге жүктеледі. Бұл сайлау ерекше өтіп, халықтың белсенділігін көрсетіп берді. Бүкіл дүниежүзіне біз осы жылдар ішінде заңды, ашық түрде баламалы сайлау өткізе алатынымызды дәлелдедік. Дүние жүзінің сарапшыларынан да, бақылаушыларынан да оң баға алдық. Бұл да біз үшін зор жетістік болып саналады»,-деді Елбасы.

Фото: altaynews.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Может ли прорвать озеро Сорбулак в Алматинской области и как водоем влияет на природу

Не только собаки: ученые выяснили, почему лошади мгновенно считывают человеческие эмоции

Электросамокатам запретят движение по тротуарам, а велосипедам и малым электрическим ТС – нет

В Алматы с 21 января изменят маршруты двух автобусов