Алматыда халықаралық дәрежедегі емхана бой көтереді

Zakon.kz
Елдегі 35 жетекші емхананың 29-ы Алматыда орналасқан.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Маунт Синай» халықаралық медициналық желісінің өкілдерімен кездесті. Екіжақты жүздесу барысында Алматыда халықаралық деңгейдегі емхананың пайда болу мүмкіндігі талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Емханада әйел денсаулығы орталығы, онкологиялық, ортопедиялық, диагностикалық орталықтар ашылады. Медициналық мекеме жеке инвесторлардың қаржысына салынбақ. Мамандардың айтуынша, халықаралық нысан медициналық туризмді дамытуға өз ықпалын тигізеді.

Айта кету керек, денсаулық сақтау саласының дамуы - «Алматы-2020» даму бағдарламасындағы басым бағыттардың бірі. Қаладағы денсаулық сақтау саласының деңгейі бірнеше сатыға өсті.

Республикалық денсаулық сақтау саласын дамыту орталығының рейтингісіне сәйкес, Алматы қазір 16-орыннан 2-орынға көтерілді.

Соңғы екі жылда ана мен бала өлімі көрсеткіші айтарлықтай төмендеді.

Елдегі 35 жетекші емхананың 29-ы Алматыда орналасқан.

Гүлмира Ғосманәли

Фото:millennium.kz

Астана
Актау
Актобе
Алматы
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Этери Тутберидзе не явилась за наградой к президенту Грузии

Испанское побережье превратилось в казахский аул: фанаты Димаша запустили необычный проект

Гигантский айсберг, который в два раза больше Лондона, растает за несколько недель

Дождь, снег и метель: синоптики рассказали о погоде на 10 марта

Казахстанцам хотят разрешить использовать пенсионные накопления на лечение зубов