Алдында шеттетілген балуандар "Қазақстан барысы 2016" турниріне қатысады

Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттігінің ұсынысы негізінде Допингке қарсы ұлттық орталығы Тәртіптік комиссиясының 2016 жылғы 28-ші маусымы күнгі шешіміне сәйкес, жарыстарға келесі спортшылар жіберіледі:

Допингке байланысты шеттетілген үш балуан биылғы "Қазақстан барысы 2016" турниріне қатысатын болды, деп хабарлады Қазақстан жаңалықтары АА, "Қазақстан Барысы" Қазақ күресін дамыту қоры" Қоғамдық қорының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

"Қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің биылғы жылғы төрт қатысушысының анализдік сынамаларынан тыйым салынған мельдоний субстанциясының табылуына байланысты, қазақ күресінен ұйымдастырылатын барлық жарыстардан уақытша шеттетілгеннен кейін бір ай уақыт ішінде Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттігінің (ВАДА) соңғы шешімі белгілі болды.

Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттігінің ұсынысы негізінде Допингке қарсы ұлттық орталығы Тәртіптік комиссиясының 2016 жылғы 28-ші маусымы күнгі шешіміне сәйкес, жарыстарға келесі спортшылар жіберіледі: Мереке Тұрашев (Ақмола облысы), Самир Мамедов (Павлодар облысы) және Айбек Нұғымаров (Шығыс Қазақстан облысы). Анализдеріндегі мельдонийдің концентрациясы 1 мкг/мл-ден аз құрайды", — делінген хабарламада.

Бұл ретте, допингтік сынама анализінде тыйым салынған мельдоний субстанциясының жоғары концентрациясы табылған балуан Александр Касачевтың (Алматы облысы) дисквалификациялық мерзіміне қатысты өз шешімін Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттігі арнайы шығаратын болады.

"Нәтижесінде, биылғы жылғы «Қазақстан Барысы» турниріне Мереке Тұрашев, Самир Мамедов және Айбек Нұғымаровты қоса алғанда, 33 балуан қатысатын болады", — деп атап өтті қорда.

Фото: newskaz.ru

Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: