Түлкібаста "сыбаға" бағдарламасы 3,6 есеге артығымен орындалған

Жалпы ауданда мал шаруашылығын дамыту, малдарды асылдандыру мемлекеттік бағдарламалары толық орындалып отыр.

Бүгінде табиғаты ауылшаруашылық саласына қолайлы Түлкібас ауданында асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту ерекше қолға алынып, мал басы жылдан-жылға артып келеді. Аудандағы әрбір шаруашылық асыл тұқымды мал басын арттыруды қолға алған. Өйткені асыл тұқымды малдар етті және сатуға ыңғайлы болады. Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгінде ауданда асыл тұқымды 3008 бас ірі қара мал, 755 бас жылқы бар. Оның ішінде осыдан 3 бұрын Австралия елінен әкелінген Жабағылы ауылындағы ангус және герефорд асылтұқымды ірі қара малдар жерсініп, төлдеп мал басы 800-ге жеткен. Сонымен қатар Керейт ауылындағы Ресей, Түркіменстан, Қырғызстан елінен әкелінген сәйгүліктер республикада өткізілген түрлі жарыстарға қатысып, аудан мерейін үстем етуде. Қазір онда 180- ге тарта асыл тұқымды сәйгүліктер бар.

Жалпы ауданда мал шаруашылығын дамыту, малдарды асылдандыру мемлекеттік бағдарламалары толық орындалып отыр.

Мәселен бір ғана «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2016 жылға жоспар 100 бас аналық алу болса, 364 бас аналық, 12 бас бұқа сатып алынып, жоспар 3,6 есе орындалды. Сонымен қатар «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары ауданда берілген межеден артығымен орындалуда.

Фото: ontustik.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в: