Қарағандыда зообақ тау арыстандарымен толықты

Әзірге кішкентай тау арыстандарының терілерінде дақ бар.

Қарағанды хайуанаттар бағында екі пума дүниеге келді. Бұл тоғыз жасар Мурзик пен жеті жасар Бусинканың екінші күшіктері. Алғашқылары циркке берілген болатын, деп жазады24.kz арнасы.

Әзірге кішкентай тау арыстандарының терілерінде дақ бар. Дегенмен, екі жылдан кейін олар бір түсті болады. Мысық тұқымдас бұл жануар Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген. Қазір екі кішкентай тау арыстанына ат қою үшін байқау жарияланды. Жансая Ерниязқызы, зообақ әдіскері: - Біздің зообақта бір аталық пен екі аналық мекендейді. Американың батысында тіршілік ететін жануарлар мұнда Ресей хайуанаттар бағынан әкелінген.

Фото: 24.kz

Следите за новостями zakon.kz в: