Павлодарлық жас аналар «тәртіпсіз жүргізушілердің» кесірінен жолдан өте алмауда

Үйлерінің ауласында жүргізушілер көліктерін теріс қойып, адамдардың өтуіне ыңғайсыздық тудырады.

Павлодарда бесік арба ұстаған жас аналар «тәртіпсіз жүргізушілердің» кесірінен үй ауласындағы жолдардан өте алмай қиындық көруде, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. «Тәртіпсіз жүргізуші» айдарына сурет жолдаған жас ана үй ауласында бесік арбамен жүре алмайтынын айтып өкпелеген. Мәселен, Майра көшесі 29, 37,39, 41 үйлерінің ауласында жүргізушілер көліктерін теріс қойып, адамдардың өтуіне ыңғайсыздық тудырады.

- Біз бұл жүргізушілерді жазалай алмаймыз, себебі суретте уақыты көрсетілмеген. Олар, бұл сурет бір ай, үш ай, бір жыл бұрын болды деп құтылып кетеді. Тәртіп бойынша, шара қолдану уақыты үш күн ғана. Жуық арада біз арнайы рейд жұмыстарын жүргізіп, тәртіп бұзғандарды жазалайтын боламыз, - деді облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Бейбіт Құрметбекұлы

Фото: Рavlodarnews.kz

Следите за новостями zakon.kz в: