Атырауда түзеу мекемесінде баланың анасы мен әжесінің арасында келісім жасалды

Сот отырысы барысында, тараптар бітімгершілік келісімге келіп, сотталған ана өз баласының тұрғылықты мекен жайын, бостандыққа шыққанға дейін енесіне беруге келісті.

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Б.Идирисовтың төрағалық етуімен, ата-анасы бас бостандығынан айыру жазасына кесілген 2013 жылы туылған баланың тұрғылықты жерін анықтау жөніндегі азаматтық іс жалпы режимдегі түзеу колониясында көшпелі сот отырысы негізінде өтті. Бұл туралы , Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Сот отырысында анықталғандай, 2013 жылы туылған баланың ата-анасы некеден 2015 жылы ажырасып, сот шешімімен баласы анасының тәрбиесінде қалған. Алайда баланың анасы Е.И. 2016 жылғы сот үкімімен есірткі сатқаны үшін кінәлі деп танылып, үш жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған, баланың әкесі де дәл сондай қылмысы үшін жазасын өтеуде. Қазіргі уақытта үш жастағы қыз бала әжесінің тәрбиесінде болған.

Сот отырысы барысында, тараптар бітімгершілік келісімге келіп, сотталған ана өз баласының тұрғылықты мекен жайын, бостандыққа шыққанға дейін енесіне беруге келісті. Сот бітімгершілік келісімді бекітті.

Фото: pravovoystandart.ru

Следите за новостями zakon.kz в: