Кентаулықтар 250 метрлік банерге ата заңымызды жазып шығарды

Қазақстанның жүзеге асырған экономикалық, әлеуметтік, саяси қайта құрулары мен қол жеткен жетістіктері түгелдей Конституциямызбен тығыз байланысты екені белгілі.

Кентау қаласының тұрғындары Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай, 250 метрлік банерге Ата Заңымызды жазып шығарды. Үш тілде жазылған заң қаладағы Ынтымақ алаңын толықтай қамтыды. Бұл Ата заң қаланың орталық мұражайына қойылатын болады. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

Мерекелік шараға қала әкімі Ә.Мақұлбаев пен қаланың зиялы қауым өкілдері қатысып, барша қала тұрғындарын мерекемен құттықтады.

Салтанатты шарада қала жастары патриоттық әндерге флешмоб ұйымдастырса, мәдениет саласының азаматтары түрлі өнерлерін халыққа паш етті.

Айта кетейік, 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум өткізу жолымен қабылданған Конституция – жас мемлекетіміздің өркендеуіне қол жеткізген, зайырлы және құқықтық ел екенімізді айқындайтын бірден-бір төлқұжат.

Осы тәуелсіз мемлекетіміздің Ата Заңының қабылданғанына биыл 21 жыл толып отыр. Жиырма бір жылдың ішінде еліміз өз тәуелсіздігін орнықтырып қана қоймай, одан әрі нығайтып, әлем таныған мемлекетке айнала білді. Қазақстанның жүзеге асырған экономикалық, әлеуметтік, саяси қайта құрулары мен қол жеткен жетістіктері түгелдей Конституциямызбен тығыз байланысты екені белгілі.

Фото: ontustik.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в: