Павлодарға Шымкенттен Алтын адамды әкелді

Алтын адам 1970-ші жылдарының басында Есік қорғанында — сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылды. Оны археолог А. Ақышев тапқан.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Ұлттық мұражай қызметкерлері Павлодар қаласына Алтын адамды әкелді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Акция аясында тәуелсіздіктің белгісі әр қалада болып шығады. Бүгінгі күннен бастап 4 қыркүйекке дейін Алтын адамды Потанин атындағы мұражайдан тамашалауға болады.

- Алтын адам Павлодарға дейін күзетпен келді. Қазірдің өзінде мұражайда құқық қорғау қызметкерлері бар. Бұл Ұлттық мұражайдын ғана емес, бүкіл Қазақстанның бағалы экспонаты, - деді Ұлттық мұражайдың экскурсия жетекшісі Әнел Кемал.

Айта кетерлігі, Алтын адам 1970-ші жылдарының басында Есік қорғанында — сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылды. Оны археолог А. Ақышев тапқан. Алтын адам киімі төрт мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін “хайуанат нақышында ” жасалған. Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар — ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген.

Фото: Рavlodarnews.kz

Следите за новостями zakon.kz в: