Екібастұзда ажал құшқан ер адам 75 метр биіктіктен қасақана құлаған

Өндіріспен еш байланысы жоқ.
Екібастұз қаласы Солнечный кентінде 33 жастағы ер адамның өліміне қатысты жүргізілген тергеу нәтижесінде қайғылы оқиға еңбек жағдайымен байланысты болмағаны анықталған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Мемлекеттік инспектор Абылай Сабыровтың айтуынша, арнайы құрылған комиссия жұмысшылар арасында тексеріс жүргізіп, дәнекерлеуші "МАЭС-2" станциясында 75 метр биіктіктен өздігінен секіріп кетті деген қорытынды шығарған.

- Биік мұнараға шығу оның міндетіне кірмеген, - дейді мемлекеттік инспектор.

Өндіріспен еш байланысы жоқ. Бұл суицид. Әріптестерінің айтуынша, ер адам "Орден Храма Солнца" сектасының құрамында болған. Бұл сектаның негізгі ойы – өлім деген адамның қиялы-мыс. Сондықтан өз-өзіне қол жұмсау арқылы бірбеткей жанкештілер басқа әлемде қайта дүниеге келеді.

Фото: Рavlodarnews.kz
Следите за новостями zakon.kz в: