Ақтөбе облысында жүздеген көлік бес күннен бері қаңтарылып тұр

Қазір Әйтеке би ауданында иіріліп тұрған көліктер саны жүз елуден асады.
Ақтөбе облысында жүздеген көлік бес күннен бері қаңтарылып тұр. Өйткені, ақтүтек бораннан Қостанаймен екі ортадағы жолдарды жауып тастаған. Ал айдалада қалған жүргізушілер жанармайлары таусылып, ас-сусыз отыр, деп жазады КТК телеарнасы.

Қазір Әйтеке би ауданында иіріліп тұрған көліктер саны жүз елуден асады. Олардың арасында Ресейге бет алған өзбек жүргізушілерінің дегбірі қашып отыр.

Өйткені миграциялық рұқсат құжаттарының мерзімі бітіп қала ма деп алаңдайды. Ал бөгет қойған тәртіп сақшылары боран басылмайынша Қостанайға қарай ешкімді жібермейміз дейді.

Онымен қоса комуналдық мекеме жұмысшылары жолды қардан аршып үлгермей жатыр. Сондықтан далада қалған жүргізушілердің әлі бірнеше күн шыдауларына тура келеді.

Фото: КТК
Следите за новостями zakon.kz в: