Көкшетауда порнографиялық дискілерді таратумен айналысқан келіншек ұсталды

149 дана CD-DVD дискілері тәркіленеді.
Көкшетауда порнографиялық дискілерді таратумен айналысқан 34 жастағы келіншек ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметі бойынша, 21-23 ақпан аралығында ІІД криминальдық полиция басқармасының «К» бөлімшесінің қызметкерлері Көкшетаудағы орталық базар аумағында жүргізген «Контрафакт» жедел алдын алу шарасы барысында «пираттық жолмен» шығарылған DVD және CD-дискілерін саудалап жүрген 34 жастағы жергілікті тұрғынды қолға түсірді.

Тексеріс кезінде күдікті әйелден контрафактілік 149 дана CD-DVD дискілері тәркіленеді. Оның 12-сі порнографиялық. Тәркіленген дискілердің барлығы сараптамаға жіберілді. «Қазіргі кезде күдіктінің үстінен ҚР ҚК 311 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп көрсетілген хабарламада.

Фото: inform.kz
Следите за новостями zakon.kz в: