Семей қаласында су тасқынының алдын алу жұмыстары жалғасып жатыр

Жыл сайын су басып қалатын аумақтар басты назарда тұр.
Қытымыр қыста қалың қардан көз ашпаған Семей қаласында су тасқынының алдын алу жұмыстары жалғасып жатыр. Күні бүгінге дейін 70-тен астам көше қары күреліп, қатқан мұздан тазартылған, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Әсіресе жыл сайын су басып қалатын аумақтар басты назарда тұр. Қыс бойы шаһардан 240 мың текше метр ақ ұлпа шығарылды. Ал көктемгі табиғи апаттың алдын алуға жергілікті бюджеттен 15 миллион теңге бөлініп отыр.

Юрий Пазына, қалалық автомобиль жолдары бөлімінің жетекшісі:

- Қаламызда 30 техника сақадай сай тұр. Қауіпті деген аумақтар анықталған. Тұрғындардан телефон арқылы түскен арыз-шағымдар бойынша да жұмыс жүргізуге дайынбыз. Әзірге алаңдайтын негіз жоқ.

Фото: 24.kz
Следите за новостями zakon.kz в: