Қызылордада 26 млн теңгенің асыл бұйымдарын ұрлап кетті

Жалпы құны 26 180 000 теңгені құрайтын алтын және бриллиант бұйымдарды ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған.
Қызылорда қалалық Ішкі істер басқармасы қызметкерлерінің жүргізген іздестіру шаралары барысында жалпы құны 26 млн. 180 мың теңгені құрайтын алтын және гауһар тастардан жасалған бұйымдарды ұрлаған 2 азамат қолға түсті. Бұл туралы Қызылорда облысының ІІД баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.

Оқиға 2017 жылғы 30 қаңтар күні болған. 22 және 23 жастағы 2 азамат алдын ала сөз байласа отырып, сауда үйінің пластик терезесін сындырып алтын бұйымдар сататын дүңгіршекке кірген. Олар жалпы құны 26 180 000 теңгені құрайтын алтын және бриллиант бұйымдарды ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған.

Алайда екеуі де ұсталып, ҚІІБ-нің уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Қазіргі таңда оларға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 4-бөлігі негізінде қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Фото: inform.kz
Следите за новостями zakon.kz в: