Ақсулық тұрғындар күл үйіндісінен ұшып келетін шаң-тозаңға шағымдануда

Шенеуніктер бұл мәселені қаладағы кәсіпорындармен бірлесе талқылап, шешімін табуға тырысамыз деп уәде берген.
Ақсу кентінің тұрғындарына өндірістік кәсіпорындар қоймасынан ұшып келетін шаң-тозаң маза бермеуде, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Тұрғындардың айтуынша, соңғы екі ай бойы осындай жағдай тұрақты түрде орын алуда. Адамдар амалсыздан үйлерінің терезесін жауып, бос уақытында төрт қабырғаға қамалып отыруға мәжбүр.

- Бізге жел туралы СМС-хабарлама келгенде шаң кіріп кетпеу үшін бірден терезелерді жауып тастаймыз. Бәлкім, өндіріс қалдықтары тым көбейіп кетті, мүмкін оларды дұрыс сақтамай жатқан болу керек, - дейді ауыл тұрғыны Валентина Байкеш.

Соңғы уақытта ауыл тұрғындары дәрігердің көмегіне жиі жүгінуде. Себебі, шаң-тозаңнан кейін олардың тамағы қышып, жөтел пайда болып, көздері ауыра бастаған.

- Бұрын мұндай жағдай өте сирек болатын, - дейді 1968 жылдан бері Ақсу кентінде тұрып жатқан Вера Кошевая.

– Ал, қазір, жел тұрса күл ұшады. Соның салдарынан 30-40 метр жерде кімнің, тіпті, қандай көліктің келе жатқаны көрінбейді. Тұрғындар бірнеше рет ауызша және жазбаша түрде әкімдікке шағымданған.

Шенеуніктер бұл мәселені қаладағы кәсіпорындармен бірлесе талқылап, шешімін табуға тырысамыз деп уәде берген.

Думан Асқарбек

Фото: Рavlodarnews.kz
Следите за новостями zakon.kz в: