Таразда қазба жұмыстары кезінде алтыннан құйылған бағалы бұйымдар табылды

Алтын сырға, күмістен жасалған білезіктер, 2 тұмар, оның бірі жасөспірім қызға арналғаны көрініп тұр.
«Көне-Тараз» тарихи-мәдени кешені аумағында жүргізіліп жатқан қазба жұмыстары барысында екінші қойма табылған. Ол жерден әйел адамның алтын әшекеуден құйылған бқйымдары табылды,-деп жазды Stan.kz.

Алғашқы қойма 2015 жылы табылған болатын. Қойма «Көне -Тараз» қаласының орталық даңғыл жолының солтүстік бөлігінен табылған. Оны аршу барысында ішінен әйел адамға тән асыл бұйымдар, әшекейлер шыққан.

Алтын сырға, күмістен жасалған білезіктер, 2 тұмар, оның бірі жасөспірім қызға арналғаны көрініп тұр. Мамандардың келтірген болжамдары бойынша ол Қараханид дәуірінің зергерлерімен дайындалуы мүмкін.

Яғни, асыл бұйымдар 10-12 ғасырларға тән. Археологтар алдағы уақытта оған ғылыми тұрғыда зерттеу жұмыстары жүргізілген соң, нақты уақытын айтуға болады деп отыр. Ал әзірге қолда бар деректер бойынша, асыл бұйымдар трагедиялық жағдайда жасырылған болуы керек.

«Қазба жұмыстары барысында анықталғандай, қойманың бетінде шамамен 30 см жанған ағаш қалдықтары, кірпіш сынықтары болды. Біздің пайымдауымызша бұл 12-ші ғасырда орын алған жаугершілік кезінде жасырылып, қалып қойған»,- дейді «Қазархеология» ЖШС бас ғылыми қызметкері Асқар Әбілдин.

Фото: stan.kz
Следите за новостями zakon.kz в: