Шымкентте улы жыландардың үйге кіру оқиғасы жиіледі

Zakon.kz
Абырой болғанда ешкімді шағып үлгермеген.
Шымкентте жыландар тұрғындардың үйіне кіріп кету оқиғасы көптеп тіркеліп жатыр. Жергілікті құтқарушылардың сөзіне қарағанда, 13 тұрғынның баспанасынан жылан ұсталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА.

Бауырымен жорғалаушылар әсіресе қаланың шетіндегі тұрғын үйлерде жиі кездесетін болған. Мәселен құтқару қызметінің «112» нөміріне бір азамат хабарласып, жыланды баспанасынан шығара алмай жатқанын айтыпты.

Оқиға орнына жеткен жедел құтқару жасағы ұзындығы 1 метр болатын жыланды ұстап алған.

Дәл осындай жағдай Қаратау ауданындағы жеке үйлердің бірінде орын алған. Ол жерден құтқарушылар 70 см болатын улы жылан ұстапты.

Абырой болғанда ешкімді шағып үлгермеген.

Фото: inform.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Акулы на курортах Египта: случайность или новая реальность

Выигравший 900 млрд тенге в лотерею не явился за деньгами

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Доллар уже не спасает: почему казахстанцы массово меняют валютную стратегию

Казахстанцы нашли новый способ зарабатывать – цифры бьют рекорды