Қазақтың халық әнін нақышына келтіріп орындаған «Хор Турецкого» ұжымы елді тәнті етті

Zakon.kz
Тек жанды дауыста ғана ән орындайтын тілі мен ділі басқа өнерлі жігіттер «Қайырлы кеш, Қазақстан!» жобасының сахнасында тілдерін барынша сындырып, әсем әнді әуелете шырқады.
Танымал ресейлік «Хор Турецкого» ұжымы қазақтың халық әні «Назқоңырды» нақышына келтіріп орындап, қазақы көрерменді таңдай қақтырды.

Десек те, музыка – ұлт пен нәсілге бөлінбейді. Тек жанды дауыста ғана ән орындайтын тілі мен ділі басқа өнерлі жігіттер «Қайырлы кеш, Қазақстан!» жобасының сахнасында тілдерін барынша сындырып, әсем әнді әуелете шырқады.


Жігіттің қыз баласына деген әдемі сезімін бейнелейтін әннің сөздері қандай әсерлі болса, әуені де сондай сазды.

Сондықтан болар, халықтың баға жетпес қазынасына айналған «Назқоңырды» дәстүрлі әншілерден бастап, бүгінгі таңда талғамы биік эстрада өкілдері де орындап жүр.



Эстрада жұлдыздарының ішінде Роза Рымбаеваның, Медеу Арынбаевтың орындауы халықтың есінде ерекше қалды.

Ал жастардың арасынан бұл әнді «Superstar.kz» байқауының жеңімпазы Қайрат Түнтеков 2010 жылы Юрмалада өткен «Жаңа толқын» халықаралық байқауында орындап, төртінші орынды иеленген болатын.

Ізінше бұл әнге бейнебаян да түсірді.

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Молодежь СКО убрала памятник Анастасии Прокофичевой в рамках акции "Чистый памятник – чистая память"

МВД сделало срочное обращение к водителям из-за массовых нарушений ПДД

Золото и другие драгоценные металлы резко изменились в цене

Гроза и сильный ветер: о непогоде в ряде областей предупредили синоптики

Известны знаки зодиака, для которых май-2026 станет самым удачным месяцем в году