Дөнерханада қағаз қорапта жатқан сәби аяушылық туғызды

Қолданушылардың кейбірі фотоға қарап баланы жаңа туған деп жорамалдайды.
Анасының жұмыс орнында - дөнерхананың ішінде қағаз қорапта жатқан бүлдіршіннің фотосы әлеуметтік желіде тарап, қолданушылардың қызу талқысына түсті деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Суретті Facebook-те Тимур Моржиков есімді қолданушы жариялады. Оның айтуынша, бұл сурет Алматының Бөгенбай батыр және Бейбітшілік көшелері қиылысында орналасқан дөнерханада жасырын түсірілген.

«Дөнер пісіріп жатқан мамасының жанында күні бойы микроволновкадан босаған қораптың ішінде жататын баланы көргенде жүрегің езіледі. Ол әйелді айыптауға болмайды! Ол баласына тамақ тауып беру үшін жанталасып жүр...»,- дейді қолданушы.

Пікір айтушылар сәби мен оның анасына жанашыр сөздер жазуда. Баласын асырау үшін барлық қиындыққа төзіп жүрген әйелдің табандылығына да сүйсініп жатыр.

«Ол баланы тастап кетуіне, жезөкшелікпен айналысуына немесе біреудің тоқалы болуына да болар еді. Бірақ ол адал еңбегімен күн көріп жатыр», - дейді бір адам.

Қолданушылардың кейбірі фотоға қарап баланы жаңа туған деп жорамалдайды. Бүлдіршін мен оның анасына көмек ұсынып жатқандар да жетерлік. Бір адамдар киім, дәрумендер апарып беретінін айтса, енді бірі әйелге қолайлы жұмыс іздестіріп жатыр.

Фото: baq.kz
Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: