Н.Нығматулин Атыраудағы «Нұр Отан» партиясының филиалында тұрғындармен кездесу өткізді

Нұрлан Нығматулин айтылған жайларды заңнамалық тұрғыдан шешу мүмкіндіктерін бақылауға алады.
Бүгін Мәжіліс Төрағасы, «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңес Бюросының мүшесі Н.Нығматулин партияның Атырау облыстық филиалында азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Спикердің қабылдауына келгендер «Атырау - Астрахан» жолының жөнделуі, жаңа мектеп салу, тұрғын үйлердің газбен қамтамасыз етілуі және басқа да әлеуметтік мәселелерді алға тартты.

Нұрлан Нығматулин айтылған жайларды заңнамалық тұрғыдан шешу мүмкіндіктерін қарастырып, жергілікті атқарушы орган өкілдерімен арада болған келісімдердің орындалуын бақылауға алмақ.

Следите за новостями zakon.kz в: