Зейнеп Ахметова қазақ қызының абыройына нұқсан келтіретін жарнамаға ашуланды

Бауыржан Момышұлының келіні телеарналардан көрсетіліп жатқан жарнаманың балалар миын улаумен айналысып жатқанын айтады.
Зейнеп Ахметова қазақтың салт-дәстүрін мазақ еткен жарнаманы- тұтастай ұлтқа жасалғанқиянат деп атады. Оның сөзінше “Қызымды алса, бар дүниесін түгендеп беремін” деп айтатын жарнамада қыздың абыройына, қазақтың дәрежесіне нұқсан келіп отыр,-деп жазды Stan.kz

Бауыржан Момышұлының келіні жазушы Зейнеп Ахметова телеарналардан көрсетіліп жатқан жарнаманың балалар миын улаумен айналысып жатқанын айтады.

“Немерем “Апа мен үйленсем келіншегім дүниесімен келеді екен ә?” деп сұрады. Оны қайдан шығардың десем “Әне көрмейсің бе?” деді. Қарасам Ана бишара “қызымды ал” деп жалынып жатыр. “Мәшине берем, үй берем, көптеген қымбат заттарды қоса беремін” деп жалынып отыр. Ал жігіттің жағы “Мы еще подумаем” деп керіледі. Бұл не бәле? Қай атаңнан көрдің қызын саудалаған қазақты?” ,-деп ашуланды Зейнеп Ахметова.

Фото: stan.kz

Жарнаманың қиянаты. Зейнеп Аxметованың айтқаны.

Публикация от Бейсен ҚҰРАНБЕК (@beisenkuranbek)

Следите за новостями zakon.kz в: